16
март
2026
Кеңес беру пункті/"Ұлттық ойын-ұрпақ мұрасы"
Ата-аналарға кеңесТақырыбы: Ұлттық ойын – бала тәрбиесінің негізі
Құрметті ата-аналар!
Ұлттық ойындар – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Олар тек көңіл көтеру құралы ғана емес, баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды тәрбие көзі.
Ұлттық ойындар арқылы бала:
• шапшаңдыққа, ептілікке үйренеді; • ойлау қабілеті мен зейіні дамиды; • достыққа, бірлікке тәрбиеленеді; • ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіреді.
Үй жағдайында балалармен бірге асық ату, бес тас, арқан тартыс сияқты қарапайым ойындарды ойнауға болады. Бұл баланың ата-анамен қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуіне көмектеседі.
Баланың дамуы үшін гаджеттерден гөрі ұлттық ойындардың пайдасы зор екенін ұмытпаңыз.
Ұлттық ойын – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы!